02.12.2022
  216


Автор: Фариза Оңғарсынова

«БЕРЕГЕН ҚОЛЫМ – АЛАҒАН»

 Халқымыз мырза, жомарт адамды қадірлеген. Əдетте мұндай адам көпшілікпен араласқыш, өзгеге көмектескіш келеді. Қолындағы барын аямайды. Ондай адамды халық та жақсы көреді. Оның басына қиындық түссе, халық болып оған көмектеседі. Осындай жағдайды сипаттағанда, халық «Береген қолым – алаған» дейді.


Керісінше, өзімен өзі бұйығы жүретін, адамдармен араласуды білмейтін, тек өз жағдайын ойлайтын сараң жандарды ел қадір тұтпай, «Қой, одан ештеңе шықпайды», – дейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу