02.12.2022
  131


Автор: Фариза Оңғарсынова

«БАС ДЕСЕ, ҚҰЛАҚ ДЕЙДІ»

Марат сабақтан келсе, анасы үстелдің тартпасын  ақтарып жатыр екен. Мұны көріп:
– Ə, келдің бе? Анальгинді көрдің бе? – деп сұрады.
Марат аң-таң болып:
– Анальгин деген кім? Ондай адамды танымаймын, –
деді.
Анасы:
– Балам-ау, бас десе, құлақ дейтінің не, анальгин адамның аты емес, ол – дəрі, – деп күліп жіберді.
... Бұл сөзді жөнді ұқпайтын, түкке түсінбей, басқа жаққа лағып сөйлейтін кісіні келеке ету мағынасында қолданады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу