29.11.2022
  79


Автор: Қазақ ырымдары

Қазақ ұғымы бойынша, шаруамен бір үйге кірген адам тізе бүгеді, тіпті өте асығыс болғанның өзінде де тізе бүгіп, үй иесіне ілтипат жасауға тиіс. Бұл—шаңырақтың құрметі. Егер келген адам түрегеп тұрып шаруасын айтып, тізе бүкпей шығып бара жатса, үй иесі: «Неге тізе бүкпейсің, біздің үйдің сиыры түрегеп тұрып бұзауласын дегенің бе» деп, өкпе айтады. Қариялар: «От ала келген жоқсың, тізе бүк!» деп бұйырады. Бұл— үйдің иесіне тағзым ету.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу