29.11.2022
  58


Автор: Қазақ ырымдары

Қазақ салты бойынша, түнде далаға сыпырынды төкпейді, үй сыпырмайды. Сыпырыла қалғанда: «Үйге бүйі кіріп кетті» дегенді айтып барып сыпырады. Себебі сыпырынды жатқан жерге жын жиналады. Түнде сыпырындының ласы денеге шашыраса, адамға жын жабысады да, жазылмайтын науқасқа тап болады деп ырымдалады. Түнде үй сыпырмайтыны—сыпыртқының ұшына жын жабысады. Төсек салатын орынға жын орнығып алса, адам төсегінен суынып, ұшынады деп жорылады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу