Өлеңдер ✍️

  15.11.2022
  296


Автор: Жаңа жыл

2023 жаңа жылға

Жаңа жылым бастауы сен жаңа күн,
Айтылатын жаңа әуен, жаңа жыр.
Жаңа жылым ашты есігін айқара,
Жиырма үштің шамын жағып жаңа түн.

Жаңа жылым қуанышым деп сенем,
Жаңа айым, жаңа күнім ақ берен.
Жиырма үшті қоян келді жетелеп,
Ақ мамықты жауып алып бақпенен.

Жаңа жылым салиқалы жыл жаңа,
Атар таңым жаңа күнде нұрлана.
Жақсылықпен жаңалығын жалғайтын,
Жаңа жылмен түлей түссін тың дала.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу