14.11.2022
  1242


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылыңызбен жан аға (ағама)

Құтты болсын жаңа жыл ағатайым,
Жаңа жылың бастап тек жақсылыққа.
Саулығыңыз мықты боп әрқашанда,
Жетелесін бұл өмір басшылыққа.

Жаңа жылда әр ісіңіз оңды болып,
Көңіліңіз шад-шадыман күйге енсін.
Асыл ағам, жан ағам болшы аман,
Жаратқаным жақсысын сізге берсін.

Отбасыңыз аман боп ағатайым,
Көңіліңіз түспесін, жоқ боп уайым.
Өміріңіз жайнасын жаным ағам,
Жаңа жылда жадырап сіз әрдайым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу