12.11.2022
  245


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылыңызбен Әкешім (әкеме тілек)

Келді әкешім жаңа жыл құтты болсын,
Әр күніңіз күлімдеп нұрға толсын.
Қоян жылы мінеки есік ашты,
Ырзығы мен шаттығын беріп мол шын.

Жаңа жылдан жетіңіз жаңа жылға,
Саулығыңыз мықты боп әкетайым.
Ортамызда күлімдеп жүрші әке,
Жаратқаным жар болып, жоқ боп уайым.

Әр таңыңыз қуаныш сыйлай түссін,
Қоян жылы тербелеп бақытымен.
Әр күніңіз сәтті боп лайым әркез,
Өтсінші әке бақытты уақытымен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу