12.11.2022
  171


Автор: Жаңа жыл

Құтты болсын жаңа жыл (әкеме тілек)

Құтты болсын жаңа жыл асыл әкем,
Жаңа жылда жетіңіз табысқа көп.
Мықты болсын денсаулық, өмір ғажап,
Әр күніңіз жанданып өмірде тек.

Жаңа жыл бұл сыйласын қуанышын,
Табысыңыз көп болып асыл әкем.
Отбасыңыз аман боп, бала-шаға,
Амандықта болыңыз асыл әкем.

Әр таңыңыз шаттыққа бөлей берсін,
Жаратқаным жар болып әрқашанда.
Шаттығыңыз әкешім ортаймасын,
Нұрын шашып қуантып барша жанға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу