Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  251


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Қазақстаным

Қазақстаным - Бесігім алтын тербеткен,
Ырыздық дәмді өзіңнен еміп ер жеткем.
Өзімдік емес, өзгенің жұмақ өлкесі,
Жақсы да болар, өзіңе бірақ келмес тең.
Қазақстаным - кең байтақ менің мекенім,
Кей кезде сені қиялмен шарлап кетемін.
Шет жерге шығып жұмаққа аялдасам да,
Отаным менің өзіңе аңсап жетемін.
Қазақстаным - дарындылардың ордасы,
Қойныңда сенің жиналған байлық хордасы.
Халқың да сенің, өзіңе тартқан кең пейіл,
Жаны да жомарт, анасы өзің болғасын.
Қамқорлығынды қайтарар екем мен немен,


Тауқыметіңді тартайын бірге елменен.
Риза болсаң көкірегімде тербеткен,
Қосайын жырға шабытым қысса селдеген.
Көгілдір газың шапшыған көкке алаулап,
Сөз етіп жатыр бар әлем оны жалаулап.
Мұнай теңіздің үстінде тұрған Отаным,
Болашағына көкірек көзбен қарау бақ.
Республикам - Қазақстаным - мақтаным,
Молығып халқың, ашылар қашан бақтарың.
Елбасының еңбегін көріп отырмыз,
Жер шарыменен байланыс жасап жатқанын.
Қазақстаным - сүйеніш, тірек қорғаным,
Көгілдір көлің, асқар тау, көкшіл орманың.
Далаңдай дархан, қызындай нәзік жүрегің,
Жарылыстардан жараланбаса болғаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу