Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  109


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Сәлем

Соғыссыз тыныш түрса Әлеміміз,
Әлі де талай шырқар Дәмеліңіз.
Мың алғыс бағаңызға Кәкім ақын,
Әнменен жетіп жатса сәлеміміз.
Алдымен жаңбыр жаумас тамшыламай,
Тамшылар жаңбыр болар жиылғанда.
Өлеңді ақын жазар қамшыламай,
Жазармыз шабыт келіп бүйырғанда.
Халқыммен бөлісермін табысымды,
Түзермін қамшысыз да шабысымды.
Шыбыртқы сегіз өрме осып өтті,
Әйелдік шынымды айтсам намысымды.
Отырсың ашылар деп арулар да,
Сайрармыз әнімізге зәру барда.
Досты дос, дұшпанды да дос ететін,
Тең келер асыл сөзге қару бар ма.
Дарын бар адамдарды алалайтын,
Жасына үлкен кіші қарамайтын.
Отырдым қиялыма қанат жалғап,
Шабыт кеп самғағанда сабалайтын.
Сөзімді жан табылса ұғатұғын,
Шығар да, шым бұлақтан жыр ашылып.


Жараса жыр бұлағы сусындауға,
Жырларға жыр жалғасар шұбатылып.
Ән-жырды ұсынармыз жақұт болса,
Әлі де ғұмыр болып, уақыт болса.
Құдірет талант деген айналсоқтап.
Кеудеге шабыт деген бақыт қонса.
Біраздан естуші едім даңқыңызды,
Оқыдым жырман жазған хатыңызды.
Өзіңіз өрген сегіз өрмеменан,
Өзіңіз осыңызшы атыңызды.
Сіз бен біз жыр жазалық мәнерлеген,
Отанға табыс тілеп Әлемменен.
Сіз маған игі тілек тілепсіңіз,
Сондықтан өлең жаздым «Сәлем» деген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу