Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  422


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Отаным алтын - бесігім

Үйреткен өзің тотыңмын, Үрлеген
өзің отыңмын.
Сүйікті менің Отаным,
Төріңде сайрап отырмын.
Ұшырған өзің түлекпін,
Қияға қанат қомдаймын.
Түбінен терең жүректің,
Шегі жоқ сәлем жолдаймын.
Ұшсам да самғап қияға,
Қонамын қайтып ұяма.
Көрсеткен шексіз қамқорлық,
Санасам санға сыя ма?!
Ұшқанша баптап балапан,
Алақандардан алақан.
Қамқорлық шексіз халқыңа,
Айналайын Ұлы Отан!
Қатайып ұшты түлегің,
Өзің деп соқты жүрегім.
Айналдым - алтын бесігім,
Аман бол, Отан тірегім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу