Өлеңдер ✍️

  08.11.2022
  103


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Мекенге кұтты айналсын

Ақ жайнаң сіңлім Ақұштап,
Жүр едің елден алыстап.
Орнығып елге болғасын,
Ойымда жақын таныспақ.
Таныспыз десек өлеңмен,
Биіктік көрем өреңнен.
Ашылмай жатқан әлі де,
Кеудеңнен көмбе көрем мен.
Жайықта болса мекенің,
Өлеңің елге жетеді.
Бағалап елің қол соқса,
Шарықтар шабыт еселі.
Қырымбек бізге келгелі,
Жағдайды көріп елдегі.
Қолдаудан істі бастады,
Өнерлі деген пендені.


Үй берсе әкім ініңіз,
Қол соққан жанның біріміз.
Шуағын елге шашпай ма,
Арада жүрсе іріміз.
Жаңғали, Қадыр қаншама,
Белгілі жандар баршаға.
Ортадан ойып мұражай,
Қол соғам казір алса да.
Атағы кеткен алысқа,
Әніне Мұхит қаныққан.
Қатимоллаға үй берді,
Оны да құптар халықтар.
Төрт арыс қонған шаңырақ,
Мекенге құтты айналсын.
Екі арыс қонып тағы да,
Уайымсыз-мұңсыз жайлансын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу