Өлеңдер ✍️

  13.10.2022
  367


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Көктем

Жан-жағына жұпарлы жылу төккен,


Бұл мезгілді ғажайып білу неткен.
Тіршіліктің түйіні болғандықтан,


Біреу жетпей бұл күнге, біреу жеткен.
Төрт мезгілдің төресі Тәңір жазған,
Тіршілікті тербеткен сұлу көктем.


Қаларымды білмеймін қай кесекті,
Жанымды соңғы нарға сәйкес етті.


Мықтымын, көтеремін ауыр жүкті,
Иіскеп тұрсам көктем сайын бәйшешекті.
Жұпарлы көктем ашқан гүл,


Құнарлы неткен атқан нұр.


Құмары қызу көңілдің,
Шерлерін алып шаттандыр.
Жол іздеп жүрген жігітті,


Бағыңа қарай аттандыр.


Көктем келіп, көңіл күйді ауыстыр,
Көкіректі нала мұңнан тауыстыр.
Кереметті сенен ғана күтемін,


Меңзеп жүрген махаббатпен қауыштыр.
Жігіт жаны қызбенен жарқырады,
Нұрлы көктем махаббатты шақырады.
Көктейді, көгереді, жайқалады,


Арулар бұтамыздың жапырағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу