08.10.2022
  1326


Автор: Республика күні

25 тамыз — Республика күні

Ия, біраздан бері аталып өтілмей келе жатқан бұл ерекше күннің өзіндік ерекше тарихы бар. Бұл күнді мелекеттік мерекелер қатарынан алып тастағанмен орны ойсырап, білініп тұратын еді. Бұл күн расында да тарихи күн болып табылады. Осы мерекені орнына қайтарып, қайтадан мемлекеттік мерекелер қатарына қосқан президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына айтар алғысымыз көп. Бұл тарихи маңызы бар мереке 1990 жылы 25-ші қазан айында Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесінде еліміздің бір тұтастығын, өз алдына жеке дербес мемлекет, егеменді ел болып, Республика болып жарияланған декларация қабылданған күні еді. Бұл күнді қалайша ұмытпақпыз? Азаттық жолында қаншама ата-бабаларымыз, айта берсек егемендік алуға, тәуелсіздікке қол жеткізуге бірден-бір себепші болған соңғы Желтоқсан оқиғасын алсақ қаншама жас студентердің төгілген қаны бар, Қайрат Рысқұлбеков батырымыз айтқандай олардың қасқалдақтай жаны бар осы тәуелсіздік жолында құрбан болған... мінеки осы оқиғалардың арқасында қазақ елі 25 қазан күні өзінің егеменді, зайырлы, құқықтық ел екенін жариялап отыр. Сондықтан бұл күн тарихи маңызы бар күн болып табылып отыр. Республика күні 25-ші қазан болып қайта тіркеліп, ел мәртебесі еңсесін көтеруде. Ал 16-желтоқсан тәуелсіздік күні болып қала бермек, оның маңызды күн екені ұмытпаймыз да, ұмыта алмаймыз да.
Республика күні болып маңызды мерекелер қатарына қайта қосылған 25-ші қазан Республика күні құтты болсын қазағым. Арта берсін, тарқамасын базарың. Тарихи күн қайта келді алдыңа, ұмытпаймыз осы күннің ғажабын. Жаса, жаса, жаса елім зайырлы, кіре түссін әр жыл сайын ажарың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу