07.10.2022
  2142


Автор: Республика күні

Жаса, жайна қазағым елім менің

Ата-баба әруақтары жар боп әркез,
Жаса, жайна қазағым, елім менің.
Республика күнінде шаттық болып,
Той думанға ұлассын жерім менің.

Жиырма бесі қазанның мереке бұл,
Республика күні елім құтты болсын.
Қазағымның әр үйі қуанышта,
Саулықтары лайым мықты болсын.

Тәуелсіздік ақ таңы күлім қағып,
Егемен ел байрағы көкте ойнасын.
Шырқалсыншы әнұран әрбір таңда,
Қазағымның құлпыртып шарайнасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу