03.10.2022
  142


Автор: Ертай Ашықбаев

ЛАҚ ПЕН СУРЕТ

Өзімді шыңдар келді күн,
Ұғамын мәнін еңбектің.
Өріске шықтым мен бүгін,
Лағымды жайып келмекпін.
Лағым жүр, міне, секіріп,
Ол енді маған бағынбас.
Салуға сурет бекініп,
Әкелгем дәптер,
қарындаш.
Бұлақпен,
жасыл шалғынмен
Табысып лағым үлгерді.
Параққа сосын салдым мен
Құрақты,
шөпті,
гүлдерді.
Көркіне бірақ даланың
Үйренбей лағым жүр, тегі.
Дәптерімнің ол парағын
Тұмсығыменен түртеді.
Болса да байтақ бұл мекен,
Қасыма лағым көп келді.
Жегісі келіп жүр ме екен
Мен салған сурет шөптерді?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу