03.10.2022
  118


Автор: Ертай Ашықбаев

СУРЕТ САЛСАМ...

Сурет салсам — гүл саламын,
«Гүлге толып тұрса алаңым», —
деймін мен.
Сурет салсам — Күн саламын,
«Күндей күліп тұрса маңым», —
деймін мен.
Сурет салсам — қала салам,
«Болсын барлық баласы аман», —
деймін мен.
Сурет салсам — Адам салам,
«Қорған болсын маған, саған», —
деймін мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу