03.10.2022
  126


Автор: Ертай Ашықбаев

ФОТОГРАФТЫҢ ТӘЛІМІ

Қалсын дейсің естелік,
Иә, жағдайды түсінем.
Тұрмын бәрін ескеріп,
Ал суретке түсірем.
Жаман бала секілді
«Тездетші» деп ұрыспа.
Түзеп қойғын кекілді
Жағаңды да дұрыста.
Қағып қоям арқаңнан
«Тәртіптілік керек» деп.
Ал қолыңды қалтаңнан,
Жымиып көр сен ептеп.
Түзу ұста денені,
Деме: «Осы жарайды».
... Бұл суретке себебі
Ертең бар жұрт қарайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу