03.10.2022
  76


Автор: Ертай Ашықбаев

Жалғыздық

Кетті үлкендер жұмысқа,
Мен іздедім балмұздақ.
...Тығылды ма бұрышқа,
Мысығымыз жалғыз қап?
Кездім таныс көшемді,
Ұзақ жүріп қалыппын.
Жалғыз болсаң осы енді,
Ойыннан да жалықтым.
Кеткенен соң күн ысып,
Бір балмұздақ алдым да,
Үйге келсем,
Бүрісіп
Мысығым тұр алдымда.
Түсті екен ол не күйге?
Тұр жұп-жуас болып тым.
Дегені ме:
— Мен үйде
Жалғыз қалып қорықтым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу