03.10.2022
  92


Автор: Ертай Ашықбаев

Аялдамада

Шықты үйден, міне, балалар,
Шуласып «сабақ...мектеп...» деп.
Күтіп тұр шофер ағалар
Автобустары «беп-беп» деп.
Бұдан да сен бір сыр аңғар,
Тұрады ерте жақсы аға:
Кешікпесін деп ұландар
Мектепке,
Балабақшаға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу