03.10.2022
  152


Автор: Ертай Ашықбаев

ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ. СУБҰРҚАҚПЕН ҚОШТАСУ

Саялы бақ — мекенің,
Бөленесің арайға.
Ал мен ертең кетемін,
Өкпелеме.
Жарай ма?
Өтсе де сан күн, апта,
Тек құбылып арбайсың.
Өзгермейсің бірақ та,
Өзге жаққа бармайсың.
Ал мен елге барамын,
Мен ауылға кетемін.
Сипалаймын даланың
Шеңгелі мен шетенін.
Ал сен көшіп-қонбайсың,
Мен ондайға төзем бе?!
...Қандай сәлем жолдайсың,
Мен шомылар өзенге?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу