03.10.2022
  139


Автор: Ертай Ашықбаев

ЕРКЕ ЛАҚ

Ерке лақ секірді,
Тентек-ақ секілді.
Көтеріп көріп ем,
Жалады бетімді.
Бетімді жалады,
Тесіліп қарады.
Жоғалтып жүр ме екен
Дәл мендей баланы?
Апарып шеткері
Жібердім —
кетпеді.
Тұр ма екен:
«Достыққа
Жарай ма», — деп мені?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу