03.10.2022
  82


Автор: Ертай Ашықбаев

Қуаныш

Бір-ақ сәтте қас-қағым
Көршімізді кеше әлгі
Қуантып-ақ тастадым
Деп:
«Балаңыз бес алды».
Бүгін балабақшадан
Ертіп келгем баласын,
«Болып өс, — деп, — жақсы адам», —
Шын қуанды нағашым.
Ата-әженің біртіндеп
Азайғаны батады.
«Ас-салау-мағалей-кум» деп,
Қуанттым бір атаны.
Дей көрмеңдер:
«Шаршады»,
Тұрам осы сөзімде.
Қуантамын баршаны,
Қуанамын өзім де




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу