03.10.2022
  108


Автор: Ертай Ашықбаев

КӨП БАЛАЛЫ ҮЙ

Жасыл шалғын төңірек,
Далам неткен келісті.
Жаңбыр жауса көбірек,
Көркейеді жер үсті.
Дәл осындай сәттерде
Жазылады өлеңім.
Жазып қойдым дәптерге:
Көп жаңбыр...
Ол — көп егін.
Осыны бар ел тілер,
Көп жаңбыр...
Ол — тоқшылық.
Қала сәнін келтірер
Көп егілсе көк шыбық.
Көп бес алсам мен егер,
Шаттанамын, әрине...
Көп бақытқа кенелер
Көп баласы бар үй де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу