03.10.2022
  78


Автор: Ертай Ашықбаев

ДАРА МЕН ЖАЛПЫ

Ешқандай да дау айтпаңыз маған сіз:
ҚАҒАЗ қалай өмір сүрер ҚАЛАМСЫЗ?
Бұл екеуі дос болады амалсыз.
Мойындаңыз заңдылықты, «Әліппе»,
Дара жүріп оқылмайды ӘРІП те,
О, әріптер, СӨЙЛЕМДЕРДІ дәріпте.
Қай затты дара тұтып мақтама,
БОР болмаса жалғызсырар ТАҚТА да,
Көп ЖЕЛЕКТЕР көрік берер БАҚҚА ДА.
Ал көшесін ұсынбаса шаһарым,
ХАЛЫҚ қалай жалғастырар сапарын,
МЕН халықтың көбейтемін қатарын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу