03.10.2022
  110


Автор: Ертай Ашықбаев

БҰТАҚТАР

Басыпты қар —
Мүлгіп тұр ағаштардың бар бұтағы.
Асықтырар
Қыр жаққа қол шана мен шаңғы тағы.
Бұтаққа жармаспадым,
Көрдім де қар басқанын.
Үнсіздік орнап, міне, қалды тағы
Қар басқан бағыма да.
Мүлгіп тұр ағаштардың бар бұтағы,
Көктемді сағына ма?
Бір боранға бір боран жалғасып кіл,
Бұтақты қар басып тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу