Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  81


Автор: Ертай Ашықбаев

ИНЕ-ЖІПТІҢ ЖЫРЫ

Айрылғанбыз тағаттан,
Әбігер боп талай біз.
Келсе бала сабақтан,
Киіміне қараймыз.
Жыртылды ма жағаңыз,
Үзілді ме түймеңіз —
Көмекке тез барамыз,
Біз —
қашанда үйдеміз.
Бәрін қолға аламыз,
Қиындықтан қашпай біз.
Келгенінше шамамыз
Әбден жамап-жасқаймыз.
Киім ойын қызғанда
Көп жыртыла береді.
Тек, әйтеуір, біз барда
Бәрі жөнге келеді.
Мұнтаздай ғып көшеге
Жібереміз баланы.
Бізге әке,
шеше де
Разы боп қалады.
Дей көрмеңдер бұлданды,
Бір ой салсақ құлаққа:
Ұқыптылау ұлдарды
Ұнатамыз бірақ та.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу