Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  112


Автор: Ертай Ашықбаев

ОДАҒАЙДЫҢ ӨКІНІШІ

Бақ бойлап өсіп тұр құлпырып —
Таңқурай,
қара өрік,
құлпынай...
Тұрмын мен үзгім кеп,
ұмтылып,
ШІРКІН-АЙ!
ШІРКІН-АЙ!
ШІРКІН-АЙ!
Тек қалай үзбекпін,
термекпін?
Ұялдым апама қарап мен:
Жаз бойы еш көмек бермеппін,
ҚАП, ӘТТЕҢ!
ҚАП, ӘТТЕҢ!
ҚАП, ӘТТЕҢ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу