Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  70


Автор: Ертай Ашықбаев

СЕКУНД

Бір СЕКУНД — кірпікті қаққаным,
Бір СЕКУНД — бір адым аттадым,
Найзағай жарқ етті — бір СЕКУНД.
...СЕКУНД не? Есімде сақтадым.
Сырт етті есігі қақпаның,
Жылт етті сіріңкем-шақпағым —
Бір СЕКУНД бәрінің үлесі.
...СЕКУНД не? Есімде сақтадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу