Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  76


Автор: Ертай Ашықбаев

ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАБАТ

Мен,
мінеки,
тұрамын
ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАБАТТА.
Дайын кітап-құралым,
Әзірмін мен сабаққа.
ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАБАТҚА
Құстар жиі келеді.
Қонған сәуле қанатқа
Сүйкімді нұр себеді.
Бізді Күн де сүйеді
Қосып сирек санатқа.
Бұлттар да бас иеді
ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАБАТҚА.
Күз келгенде алапқа,
«Қалдық, — деп, — біз жалаңаш»,
ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАБАТҚА
Қол созады тал, ағаш.
Менен шалғай тарапта —
Айқай-көше,
шу-алаң.
ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАБАТТА
Тұрамын мен. Қуанам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу