Нығмет Баймұхамедов

Нығмет Баймұхамедов (1904-1969) Орал облысы, Жымпиты ауданы №1 ауылда туған. 1925-1927 жылдары Орал педагогика техникумында оқиды, кейінірек Қазақтың Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген. Ол ұзақ жылдар бойы Совет және кәсіподақ ұйымында жұмыста болды. Содан кейін Абай атындағы Мемлекеттік академиялық Опера және балет театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Құрманғазы атындағы Өнер институтының әдеби редакторы болды. Алғашқы әдеби еңбегі — «Атыс» пьесасы (1937).
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: