Бернияз Күлеев

Бернияз Күлеев (1899, Торғай облысы, Ақтөбе уезі, Бөрте болысы — 1923, Ресей, Қазан) — ақын, саясаткер.

Өмірбаяны
1899 жылы бұрынғы Торғай облысы Ақтөбе уезіне қарайтын Бөрте болысының бесінші аулында (қазіргі Орынбор облысының Бөрте ауданы) Бекен деген шаруаның отбасында дүниеге келді. Кіші жүздің Әлім руынан шыққан.

1917-1918 жылдары Орынбор мұғалімдер семинариясында білім алған. 1920 жылдан өмірінің соңына дейін қазақ АССР Халық ағарту комиссариатының кітаптарды бастырушы өкілі ретінде Қазан қаласында қызмет істейді. Осы жылдары (1922 жылы) ол Мағжан Жұмабаевтың бір томдық жинағын шығарып, оған «Бастырушыдан» деп түсінік жазған. Мағжан мен Бернияздың өте жақын араласқандықтарына ақын қайтыс болғанда жазған «Берниязға» өлеңі мен «Бернияз Күлеев» деген қазанама мақаласы мысал бола алады. Бернияз Ақтөбе уезіне қарайтын Кіші жүз Әлім руынан. 11 жасына шейін үйінде молдадан сабақ оқыған. 1911-12 жылдары Томаркөл облыстық мектебінде оқыған. Туған әкесі Бекен ол школдан алып, Ақтөбе гимназиясына берсе де, шығынын ауырсынып, қайтып алып, Бөрте болысындағы екі класты школға кіргізген. Бұл школды бітірген соң Бернияз 16 жылы Орынборға барып, даярланып, 17 жылы учительский школға түскен. Апалаң-топалаң заман тәртіпті ғылым алуға ырық бермей, онда бір-ақ жыл оқып, жас бала жеке тұрмысқа, әлеумет ісіне кіріп кетеді. 18-жылы Торғайдың облыстық комитетіне мүше болады. 20-жылы «Ұшқын» газетінің бір жазушысы болады. 1921 жылдан кейін Қазақстан елді ағарту комиссариаты қызметімен Орынбор жаққа анда-санда аз уақытқа келіп-кеткені болмаса, ылғи Қазанда болады. Сол Қазанда қайтыс болады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: