Махсет Баян Махсетовна

Баян 2005 жылы, маусымның 3 жұлдызында Ақмола облысы Степногорск қаласында дүниеге келді. Баян өмірдегі басты екі таңдаудың біріне шешім шығарарда көп ойланды, яғни мамандық таңдауда. "Ақ халатты абзал жан бол", "Кемел ұрпақ қалыптастырушы ұлағатты ұстаз бол" деген сияқты көптеген ақыл кеңестерге кездесті. Алайда өз ана тілін кішкентайынан сүйіп өскен ол, пікір айтуға құқылы әрбір азаматтың ойын тыңдап, әділетсіздікке қарсы күресе білетін, сонымен қатар саясатпен халықтың арасында көпір бола алатын, халқына адал қызмет көрсететін табанды журналист болуды таңдады. Баян әділтік пен табандылық сияқты қасиеттерді өз мұратына бастар темірқазық ретінде көреді.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: