Эльмира Сәрсенбайқызы

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, жазушы Эльмира Сәрсенбайқызы Есхожаева 1987 жылы 18 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қазыбек би ауыл аймағында дүниеге келген. Жастайынан өнерге құштар Эльмира бала күнінен өлең жазып, өлеңдері түрлі аудандық газеттерге ұсынылып отырған.
2015 жылы "Бір мұңым бар" атты электрондық жеке жыр жинағы шықты.
2017 жылы "Жүрекке жылы жүз өлең" электрондық жыр жинаққа көптеген өлеңдері іріктеліп алынды.
2018 жылы "Жауқазын гүлдегенде" атты алғашқы жыр жинағы жарық көрді.
2019 жылдың қараша айында "Іңкәрім" өлеңдер жинағы жарыққа шықты.
2020 жылда жарық көрген "Қыз ғұмыр" жыр жинағына, Дүние Таланттары Одағының Альманах жинағына бірнеше өлеңдері енген.
2021 жылдың маусым айында жеке авторлық үшінші жыр жинағы "Бағалым" жарық көрді...
Халықаралық Жазушылар және Дүние Таланттары Одағының мүшесі,
Абай Құнанбаев және Шолохов төсбелгісінің иегері, Қазақстан авторлар қоғамының және Қырғыз ақын-жазушылар қоғамдық фондының мүшесі, республикалық бірнеше жыр бәйгелерінің жеңімпазы.
"Кейуана", "Соры қайнаған ана" ,"Үміт шамшырағы","Жаза","Өкініш","Өзекке тепкен өгейлік" т.б әңгімелердің авторы.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: