Аманжол Әлтаев

Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаев (31.8.1971, Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылы) - айтыс ақыны.

Арғын тайпасы Қуандық руының мойын рақпанқұл бөлімінен шыққан.

Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1993). 1993 жылдан осы университеттің қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген. Казір Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2012 жылы. оқытушы. Қарағанды қаласында өткен "Арқа арулары мен сал серілері" сайысының (1990), жыр сүлейі Иса Байзақовтың 90 жылдық мерейтойына арналған (Павлодар, 1990), С.Сейфуллиннің 100 жылдық тойына арналған (Жезқазған, 1990) республикалық айтыстардың жеңімпазы. 1990 ж. Қызылорда облысында өткен халық ақыны Нартай Бекежановтың 100 жылдық мерекесіндегі, 1991 ж. Түркістан облысында болған атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 120 жылдығына арналған тойында, 1993 ж. Ташкент қаласында өткен халықаралық ақындар айтысында, 1992 ж. Қарағанды облысында ұйымдастырылған. Қ.Аманжоловтың 80 жылдық мерейтойында, Ғ.Мүсірепов құрметіне арналған айтыс­та, Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 1 жыл толуына арналған айтыста, Ж.Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы құрметіне өткізілген ақын, жыршы-дастаншылар сайысында (Қарағанды, 1996) жеңімпаз атанды. 1995 ж. ұлы акын, ойшыл, Абай Құнанбайұлының ЮНЕСКО дәрежесінде өткен 150 жылдық ме­рейтойында, т.б. өткізілген республикалық ақындар айтыстарында жүлделі орындарды иеленді.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: