Үмітай Сәтжанқызы

Үмітай 1949 жылы Жеменей ауданында дүниеге келген. Ол алғаш «Татьяна әні», «Мұзтау», «Қас суреті» деген өлеңдерімен өз оқырмандарына танылған. 1979 жылдан 1994 жылға дейін алты рет ақындар айтысына қатынасып, Алтай аймақтық әкімшілігінің «Жүлделі халық ақыны» атағын алған. 1978 жылдан қазірге дейін баспасөзде 500-ден аса өлең, әңгіме, мақалалары жарияланды. «Жиырмасыншы ғасырдың әдебиет қамбасы», «Сазды әуен», «Мұз таудан мың бұлақ», «Сауыр саңлақтары», «Ақындар ауылында», «Жұңго-қазақ айтыс ақындары» атты альманахтарда өлеңдері жиі жарияланып тұрады. 2003 жылы Орталық Ұлттар баспасынан «Арулар - асыл жандар» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Қазір «Мұзтау - бойтұмарым» өлеңдер жинағы, «Тоғыз жолдың торабында» әңгімелер жинағы басылым күтуде.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: