Бөлім: «Баталар»
Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.
Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.
Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
Жетегің бұйда болсын
Жетегің бұйда болсын,Арқаның шуда болсын.Беретін асың болсын,Көретін жасың болсын!Басыңнан жақсылық кетпесін,Бесігің алдыңнан түспесін,Жамандық саған..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Құтты болсын шаңырақ
Құтты болсын шаңырақ,Пана болсын жалғыз Xақ!Қосағыңмен қоса ағар,Өмірлерің болсын шат.Адал жанға бақ қонар,Еш адамды көрме жат!Берер батам..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Уа, Құдайым оңдасын
Уа, Құдайым оңдасын,Кедергі жолда болмасын!Екі жастың тілегінПеріштелер қолдасын.Ғайып-ерен қырық шілтенҚашанда болсын жолдасың!Арандатқан..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Кел, жігіт, кел, жігіт
Кел, жігіт, кел, жігіт,Бұған бата бер, жігіт!Ауылыңның қонғаныЖылға-жылға сай болсын.Ұл баланың мінгеніЖорға-жорға тай болсын.Жорғалатып..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сапарға бата
Оралуың тез болсын,Қасқа жолдың бойындаҚызыр бабам кез болсын.Өзің жайлы жат елдеЖылы-жылы сөз болсын.Көре алмаған дұшпанның,Екі көзі бөз..
Ақ жолға батасы
Бақытты бол, қарағым,Қара көзім маралым.Алтыннан болсын тарағың,Күмістен болсын жарағың.Қуаныш, күлкің тыйылмай,Жарқырай берсін қабағың.Мақтанышы..
Ақжолға бата
Бес қаруың сайлы болсын,Жортқан жолың жайлы болсын.Күнің шығып жарқырап,Түнің тыныш, айлы болсын.Ішкенің зәмзәм су боп,Ұртың толы майлы болсын.Бір..
Жол батасы
Әумин десең маған,Құдай берсін саған!Оң жағына қарасаң,Алтыннан терек орнасын!Сол жағыңа қарасаң,Күмістен терек орнасын!Еш жамандақ болмасын,Аман..
Жолға қысқа бата
Жаз келіп көңілің жай болсын,Көргенің шаттық той болсын!Абзал досың көп болсын,Берген батам сол болсын!Әумин!
Ақжол батасы
Күнің шуақты болсын,Көлің суатты болсын!Қонысың өрісті болсын,Еккенің жемісті,Еңбегің келісті болсын!Жұлдызың ағаңда болсын,Құндызың жағаңда..
Ақ жол бата
Иә, құдайым оңдасын,Оң жолына бастасын.Жортқанда жолың болсын,Жолдасың періштелер болсын.Жер жүзіндегі қатерденЖаппар Иеме тапсырдым!Судан келер..
Жолға ақ бата
Далақтаған даудан сақта,Жалақтаған жаудан сақта!Ашыққан бөріден сақта,Қара жердің тар көрінен сақта!Ашынған ұрыдан сақта,Құлқыны құрдан..
Жолға бата
Уа, Жаратқан, жарылқа,Бақ-дәулетін аумас қыл,Жарылқағанмен жалғас қыл!Алауызды алыс қыл,Қорғанғаннан қалыс қыл!Ниеттері ақ болсын,Бейнеттері пәк..
Ақ жолға бата
Жолыңды алла қолдасын,Жаманшылық болмасын.Сенімді болсын жолдасың,Жолыңды кескен оңбасын.Сәтті болсын істерің,Жақсы болсын түстерің,Жұмсақ болсын..
Келінге қысқа бата
Шайың қызыл болсын,Ғұмырың ұзын болсын.Несібең таса берсін,Дұшпаның қаша берсін,Құдайым ұзақ ғұмыр жаза берсін!
Айналайын қарағым!
Айналайын қарағым!Алтыннан болсын тарағың,Күмістен болсын жарағың.Бақыт қонып басыңа,Басталсын өмір парағың.Ашық болсын есігің,Ұлды болсын..
Келін баянды болсын
Келінің баянды болсын,Үлкендерді сыйлайтын аяулы болсын!Жылы жүзді болсын!Жұмақ сөзді болсын!Келінің бақытты болсын,Ел қыдырса, сыпайы жүрсін.Күлсе..
Келінге бата
Құдайым осынау үйге дуа берсін,Тіл-аузын дұшпанның буа берсін.Келіннің балағынан бала саулап,Салпы ерін сары ұлдар туа берсін.
Келін болдың, қарағым.
Отша лаула, сөнбегін,Еш жамандық көрмегін.Қосағыңмен қоса ағар,Құтты болсын қадамың,Келін болдың, қарағым.Салтын ұста, ардақта,Үлкен..
Келінге арналған қысқаша бата
Еліңе елеулі бол,Халқыңа қалаулы бол!Ата-енеңе жағымды бол,Қайын аға, қайныңа қайырымды бол.Ауылыңа айбарлы бол,Күйеуіңе жайдарлы бол.Әумин!
Келінге жақсы бата
Ақылды енелі бол,Абысынға беделді бол.Қайын апаңа жағымды бол,Қайын жұртыңа жұғымды бол. Ардақты аталы бол,Оң ісіңмен баталы бол.Қайын ағаңа қадірлі..
Ия, Құдай оңдай гөр
Бісімілла, рақыман, рақыман!Ия, Құдай оңдай гөр,Әулиелер қолдай гөр.Байсалды қоныс бере гөр,Байтақ ырыс бере гөр!Тілеген әр тілекті де дұрыс бере..