Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Далалықтарға даралықДаласынан дариды.
Дәмді шөпті таңдаған,Дәмді шөпті талғаған,Дағдысынша дуадақДаланы еркін шарлаған.
Дегелек-ау, дегелек,Дамылдасын деген ек.
Етiгiмнiң басыҚайқаяр, қайқаймас,Қайқаяр, қайқаймас.
Есiк алдындағы отынныңШырпылылырағынан ала кел,Томарлылырағынан ала кел,Тамырлылырағынан ала кел,Түбiрлiлiрегiнен ала кел.
Есет,КешеНешеКөшеАтынАлдыңЖаттап?КешеНешеКөшеАтынЕсет,АлдыңХаттап?
Еліктер керіктерге еліктесе де,Керіктер еліктерге еліктемес.
Жаңбыр жауып келедi қар аралас,Бiр топ кемпiр келедi шал аралас.Тауға қайың бiтедi тал аралас,Бiр топ сиыр келедi тана аралас.
«Жер асты үңгірлері...»Деп досым міңгірледі,Ол міңгірлегендеҮңгірлер де күңгірледі.
Жол азық алдық,Мол азық алдық.Қоржынымыз толы азық алдық,Сайлаудың қоразын алдық.
Жақсы қайшыҚайсы қайшы?
– Жұмаш, көзіңді жұм, аш,– деді Күлаш.
Жомартта бар әліппе,Жомарт жетік әріпке.
Жамал Жаңылды,Жалындырмақшы болды.Жаңыл Жамалды,Жаңылдырмақшы болды.Жаңылдырғаны дұрыс па?Жаңылдырмағаны дұрыс па?
Жамал амал іздесе де,Самал амал іздемейді.
«Жапа-тармағайламайАйғайламай, сөйлеңдер»,– деді ағай.
Жол жағалай бағаналар – ағалар,Ағалар бағаналар жағалар,Бағаналарға шамдар жағар.
Жел сыбырлайды,Жел сыбырлайды.Жел сыбырласа –Көл жыбырлайды.
Жел өтінде –Көл бетінде көбік бар.Желмен кеткен көбікте,Қай бір ерік бар.
Жаңбырлы бұлтЖайылды жалау боп.
Жамылған,Жамау тон.ЖауындыЖалайды от.
Жүйек – жүйекте,Жүйекті жиекте.
Жайлауға көш көшті,Көш кеш көшті.
Жол бар,Жолда өр бар.Өр бар,Орға барма,Өрге бар.
Жылқышы ұшып көл жақта,Жүр азығы мол жақта.Жалпылдап тек жапалақ,Жете алмайды ол жаққа.