Қасқыр туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 44
Жұмбақтар: 14
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 53
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 5
Туындылар: 3
Әңгімелер: 28
Ертегілер: 18
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 3
Аңыздар: 5

Қасқыр
Аш қасқыр жортумен,Көп кезді даланы.Ақбөкен қорқумен,Зымырап барады.Жортады сайларда,(Зұлымын қарашы),Момақан қойларғаЖетеді шамасы.
©  Нұртан Төлепбергенұлы
Қорқау қасқыр
Қорқаулар жортады,Баса алмай ентігін.Ірі аңнан қорқады,Жеу үшін жемтігін.Жоқ онда намыс та,Жемтіктен кетпейді.Аю мен жолбарысқаШамасы жетпейді.
©  Нұртан Төлепбергенұлы
Достар мен қасқыр
Қасқыр келіп қалды,Достар қарсы алды,Арандай ғып ашып,Қозыға ауыз салды.Қарғып кетті қозы,Сондай епті өзі,Құлын келіп тепті,Ісіп кетті көзі.Лақ..
©  Баянғали Әлімжанов
Достар мен қасқыр
Ертіп қозы, лақты,Қырда құлын шапты,Терең сулы сайда,Қасқыр аңдып жатты.Іздегені жанжал,Азулары қанжар,Тиіп кеткен жерінАйырады дал-дал!Сақылдатып..
©  Баянғали Әлімжанов
***
Тұмсығымен түртіп,Қалжыңдаса бүркіт,Қалтырайды қарсақӨз-өзінен үркіп.Қасқыр менен қабанБилеп есен-аман,Жылқы менен сиырТарсылдатты табан!
©  Баянғали Әлімжанов
Қасқыр
Қасқыр түнде ыр-р етсеЕл шошиды ертеден,Мылтығы бар әкемніңҚорықпаймын мен сенен!
©  Баянғали Әлімжанов
Қасқыр мен көгершін
Деді Қасқыр:– Көгершін,Айтар болсам егер шын,Көңілдісің сен дәйім,Мен мұңлымын, не дерсің?Бөгелмеді Көгершін:– Қорқаулықпен өлерсің.Зұлымдықпен күн..
©  Абдрахман Асылбек
Түлкі мен тиін
Кездесіп қап орманда,Түлкі айтты:– Тиін-ау,Тоқсан тоғыз айлам бар,Сенің жайың қиын-ау.Тиін айтты:– Жайды аңғар,Жалғыз ғана айлам бар.Сен сияқты тым..
©  Абдрахман Асылбек
ҚЫЗЫЛҚАСҚЫР
Түсі қызғылт,Көзі өткір.Ол таулы,Ормандарда мекен етіп, жортады.Бұлан,Бұғы былай тұрсын,Көрсе оныАю менен жолбарыс та қорқады.
©  Кеңесжан Шалқарұлы