Ешкі туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 28
Жұмбақтар: 11
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 12
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 8
Ертегілер: 9

Ешкілер
Қадірлі ағаш қашаннан,Ол есігің, еденің.Сол ағаштан жасалғанТалай-талай керегің...Ағаш қажет көп іске,Ағаш әр кез бағалы.Кенелтеді жеміске,Тазартады..
©  Сұлтан Қалиұлы
Ешкі
Егіз лақты ешкімізҚой бастайды серкеміз,Жеңіл, жылы шәлігеТүбіт берген еркеміз!
©  Баянғали Әлімжанов
Төрт түліктің тууы
Сиыр бұзаулайды.Қой қоздайды.Ешкі лақтайды.Жас төлдердіҚай бала ұнатпайды?
©  Нұрхан Жанаев
Ешкі өсір
Сүтін ішсең – бал,Өзі өсімтал,Пайдасы мол көл-көсір.Түсініп ал,Сүйкімді мал,Мал өсірсең, ешкі өсір.
©  Егеухан Мұқамәдиқызы
Ешкі сүті
Ешкі сауғанҚұрт-май алған,Нәрлі сүті бұлақтай.Пісіріп іш,Береді күш,Құйғытасың құр аттай.
©  Егеухан Мұқамәдиқызы
Ешкі еті
Түбіті – кен,Терісі – тон,Басқа киім іздеме.Бүрген мененЖеміс жегенЕшкі етін күзде же.
©  Егеухан Мұқамәдиқызы
Ешкі тоңғақ
Жауса жауын,Іздеп таудыңПана, үңгір ықтасын.Күн ашылаТасқа шығаҚыздырады арқасын.
©  Егеухан Мұқамәдиқызы
Ешкі тастан шығыпты
Топ-тобымен,ЕнтелегенЛақ бұл қызық қылықты.Тастан таймай,Жүр құламайЕшкі тастан шығыпты.
©  Егеухан Мұқамәдиқызы
«Малдың баласын сүюі»
Қой сүйеді баласын қоңырым деп,Ештеңені білмейтін момыным деп.Сиыр сүйеді баласын торпағым депҚараңғыға баспаған қорқағым деп.Ешкі сүйеді баласын..
Сара апайдың Сапашы
Ертеменен далағаЕшкіні айдап тастайды,Сосын Сапаш қалағанОйынын бір бастайды.Айналадан, өңірденІздемей-ақ еш кісі,Келеді өзі іңірдеСара апайдың..
©  Қадыр Мырза Әли
Тоқал ешкі
(әні бар)Күнде тәртіп бұзыпты:Кішілерді сүзіптіМиуаны үзіпті,Мүйізіне тізіпті.Міне осындай алыптыАтам көріп қалыпты.Қажыттың деп халықты,Мүйізін..
©  Қадыр Мырза Әли