Ақылбек шаяхмет туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 25
Өлеңдер: 1223
Құттықтау, тілектер: 5
Әңгімелер: 38

Қара жердің монологы
Дəм таусылса, адам,Құшағыма алам.Менен өсіп-өнгенКелер қайтып маған.Жер иесі менмін,Ел киесі менмін.Қойныма алам бəрін,Өйткені, мен жермін!
©  Ақылбек Шаяхмет
Төстің монологы
Маңдайыма жазылғандай сор қалың,Үйренгенмін соққысына балғаның.Соқса соқсын, соққан кезде от шықсын,Өйткені, өзім көнбіс болып алғанмын.
©  Ақылбек Шаяхмет
Қызғалдақтың монологы
Көпшілікке ұнаса ды қылығым,Бір-ақ сəтте лайланды тұнығым.Неге сонша қызығады маған жұрт,Біле тұра қысқа екенін ғұмырым.
©  Ақылбек Шаяхмет
Жастықтың монологы
Түйісті менде басы ғашықтардың,Олардың сырын ұғып, өсіп қалдым.Төрелер жамбасына басқан кезде,Қисайып, жапырайып, жасып қалдым.
©  Ақылбек Шаяхмет
Марқаның монологы
Томпиып көрінетін көрер көзге,Қозы едім маңыраған көшкен кезде.Тым ерте ел көзіне шалынған соң,Қазанға түсіп кеттім піскен кезде.
©  Ақылбек Шаяхмет
Кітаптың монологы
Қоятын кітап көрсе ішкен асын,Кісілер келтіреді сөздің нəшін.Үңілмей ішіндегі мазмұнына,Қарайды кейбіреу тек мұқабасын.
©  Ақылбек Шаяхмет
Үйіндінің монологы
Өмірдің жүрген талай сыйын көріп,Жиналған жылдар бойы үйінді едім.Құмырсқа илеуіндей үй-жайымдыАқыры тоз-тоз қылды құйын келіп.
©  Ақылбек Шаяхмет
Көрпенің монологы
Қонаққа тұрушы едім құрақ ұшып,Олар мəз сусын ұрттап, тамақ ішіп.Болғанмен астар таза, сыртым кірлеп,Отырмын бəз қалпыма енді түсіп.
©  Ақылбек Шаяхмет
Қаламның монологы
Ілініп жүрген едім жақсы атаққа,Кез болдым өсек жазып, көп шатаққа.Қағазға түсір жақсы ниетіңді,Ізгі ісін адамдардың есте сақта!
©  Ақылбек Шаяхмет
Үтірдің монологы
Дариға-ай, арманыма жете алмадым,Əйтеуір, орта жолдан кете алмадым.Сөйлемге бір нүкте де қоя алмадым,Асудан алда тұрған өте алмадым.
©  Ақылбек Шаяхмет
Домбыраның монологы
Əн мен күй болды жақсы сый еліме,Қос ішек шынында да киелі ме?!Құлақты бұрай-бұрай жауыр қылды,Тиегім батып кетті сүйегіме.
©  Ақылбек Шаяхмет
ЕСКІ МЕН ЖАҢА
Күңірентіп қара жерді,Ескі кетті, жаңа келді.Көне жұртта, жерошақтаШашылған күл қала берді.
©  Ақылбек Шаяхмет
ӨСУ МЕН ӨШУ
Еңбектеу,Отыру,Тік тұру,Жүгіру,Ұғыну,Ұқтыру –Өсу.Сүйреңдеу,Күйбеңдеу,Ойланбау,Үйренбеу,Тайраңдау,Сайрандау –Өшу
©  Ақылбек Шаяхмет
АРЗАН МЕН ҚЫМБАТ
Гаухар, жақұт,алмас, ақық,алтын, күміс,інжу, маржан –арзан.Сана, сезім,тəуба, төзім,жаның, арың,міңез, сымбат –қымбат.
©  Ақылбек Шаяхмет
ТҮБІРЛЕР
Шыбықтардың бүршік жарған түрін көр,Түбірлерді менсінбейді бүгінгі ел.«Мен де бір кез жас болдым, – деп, – жайнаған», –Күбірлейді... күрсінеді..
©  Ақылбек Шаяхмет
ЖАҢҒАҚ
Ішінде дəні жоқ жаңғақЖарылса болмай ма қаңбақ?!Ендеше жан-жақты барлап,Сөзіңді айтқан жөн аңдап.
©  Ақылбек Шаяхмет
ҚҰЛЖА
Таудағы атқан құлжасы,Аңшының алған олжасы,Ойлап тұрсаң, шынында,Арқарлардың көз жасы.
©  Ақылбек Шаяхмет
БҰЛТТАР
Ақша бұлттар, ақша бұлттар,Бойларыңда пəк шабыт бар.Даналық па, шалалық па? –Нөсер, бірақ, қара бұлтта...
©  Ақылбек Шаяхмет
ӨМІР ЖОЛЫ
Таңда шығып ақ атпен,Түсте жүрдім қара атпен.Тізгін екеу, ер біреу,Кешке келдім ала атпен.
©  Ақылбек Шаяхмет
ЖАҢА ЖЫЛДА
Аяз ата түксиіп қабақ түйген,Ішпей қойды кеш бойы тамақты үйден.Өйткені, көз қызарып, мұрын ісіп,Алса керек тойғанша арақ ішіп.
©  Ақылбек Шаяхмет
АРА МЕН ГҮЛ
Бал жинаған ара бақта самғайды,Үсік шалған ерке гүлге сол қайғы.Еске түсті сонда шығыс мақалы:«Ақылды ара солған гүлге қонбайды!.
©  Ақылбек Шаяхмет
Вагон терезесінен қарағанда
Бейіттері ұқсайтұғын қалаға,Тұрған үйі ұқсайтұғын молаға,Өліп-өшіп, көшіп-қонған далада,Қазағыма, қарап тұрсаң, обал, ə?!
©  Ақылбек Шаяхмет
Пойызға кіргенде
Жолсеріктер өзара сөз байласып,Біреулер жүр жайлы орынға жайғасып.Əр купеде ағыл-тегіл ішім-жем,Бірақ, сыртқа кеткен-сынды ой қашып.
©  Ақылбек Шаяхмет
Көлікке мінгенде
Тізгіншілер жолаушыға қарамай,Жүргіншілер өкпелесе баладай,Қып-қызыл боп жанған кезде бағдаршам,Көрінеді жазылмаған жарадай.
©  Ақылбек Шаяхмет
Жаяу жүргенде
Дертке дауа туған жердің жусаны,Балағына майдай жұғар құр шаңы.Табаныңда – топырағы жып-жылы,Тамағында – жылысы мен жұмсағы.
©  Ақылбек Шаяхмет