Монолог туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 112
Әңгімелер: 4
Поэмалар: 3
Шығармалар: 1

Қара жердің монологы
Дəм таусылса, адам,Құшағыма алам.Менен өсіп-өнгенКелер қайтып маған.Жер иесі менмін,Ел киесі менмін.Қойныма алам бəрін,Өйткені, мен жермін!
©  Ақылбек Шаяхмет
Төстің монологы
Маңдайыма жазылғандай сор қалың,Үйренгенмін соққысына балғаның.Соқса соқсын, соққан кезде от шықсын,Өйткені, өзім көнбіс болып алғанмын.
©  Ақылбек Шаяхмет
Қызғалдақтың монологы
Көпшілікке ұнаса ды қылығым,Бір-ақ сəтте лайланды тұнығым.Неге сонша қызығады маған жұрт,Біле тұра қысқа екенін ғұмырым.
©  Ақылбек Шаяхмет
Жастықтың монологы
Түйісті менде басы ғашықтардың,Олардың сырын ұғып, өсіп қалдым.Төрелер жамбасына басқан кезде,Қисайып, жапырайып, жасып қалдым.
©  Ақылбек Шаяхмет
Марқаның монологы
Томпиып көрінетін көрер көзге,Қозы едім маңыраған көшкен кезде.Тым ерте ел көзіне шалынған соң,Қазанға түсіп кеттім піскен кезде.
©  Ақылбек Шаяхмет
Кітаптың монологы
Қоятын кітап көрсе ішкен асын,Кісілер келтіреді сөздің нəшін.Үңілмей ішіндегі мазмұнына,Қарайды кейбіреу тек мұқабасын.
©  Ақылбек Шаяхмет
Үйіндінің монологы
Өмірдің жүрген талай сыйын көріп,Жиналған жылдар бойы үйінді едім.Құмырсқа илеуіндей үй-жайымдыАқыры тоз-тоз қылды құйын келіп.
©  Ақылбек Шаяхмет
Көрпенің монологы
Қонаққа тұрушы едім құрақ ұшып,Олар мəз сусын ұрттап, тамақ ішіп.Болғанмен астар таза, сыртым кірлеп,Отырмын бəз қалпыма енді түсіп.
©  Ақылбек Шаяхмет
Қаламның монологы
Ілініп жүрген едім жақсы атаққа,Кез болдым өсек жазып, көп шатаққа.Қағазға түсір жақсы ниетіңді,Ізгі ісін адамдардың есте сақта!
©  Ақылбек Шаяхмет
Үтірдің монологы
Дариға-ай, арманыма жете алмадым,Əйтеуір, орта жолдан кете алмадым.Сөйлемге бір нүкте де қоя алмадым,Асудан алда тұрған өте алмадым.
©  Ақылбек Шаяхмет
Домбыраның монологы
Əн мен күй болды жақсы сый еліме,Қос ішек шынында да киелі ме?!Құлақты бұрай-бұрай жауыр қылды,Тиегім батып кетті сүйегіме.
©  Ақылбек Шаяхмет