Бөлім: «Тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Жер болып құшағыңды аш
Жер болып құшағыңды аш,Нұр болып саған енейін.Гүл болып жұпарыңды шаш,Мас болып содан өлейін.
© Дәркен Танабаев
Бір сен үшін
Бір сен үшін мың өртеніп, мың жанам,Бір сен үшін қалың ойда мұң бағам.Бір сен үшін айлы түнде көз ілмей,Бір сен үшін қамығам да жыр жазам.
© Дәркен Танабаев
Нәзік
Нәзіктен мұндай күтпеп ем,Мамықтай еді жұп-жұмсақ.Нәзіктер тастан қатты екен,Жүрегін оның ұқпасақ.
© Дәркен Танабаев
Жазы бар...
Жазы бар, қысы бар өмірдің,Көктемі күзі бар көңілдің.Бақыттан жарылып жүр едім,Ал енді қайғыға көмілдім.
© Дәркен Танабаев
М-ға
Мырзалығың маған түсті,Болмай тұр идеолог сенен күшті,Отырмын деп ойлама мәңгілікке,Тұрақсыз бұл дүние алуан түсті.1989 ж., июнь
© Кәкімжан Қазыбаев
Махаббат туралы тақпақ
Махаббаттың болады екен үш түрі:Біріншісі ашылмастан қала берер бір гүлі.Екіншісі ашылсада қурайды екен белгісіз.Үшіншісі қураса да қайта гүлдер..
© Айдар ТЕМІРБЕКҰЛЫ
Анама тілек
Анама ғұмыр берсін депАлладан күнде тіледім.Қызықтың бәрін көрсін деп,Aрмандайды бұл жүрегім....❤️жан анашым мерекеңіз құтты болсын!мен сізді жаксы..
Мүшел 13 жас
Шешкен бәрін ойланыпҒалам сырын білгіш елОн екі жыл айналыпҚайта оралса бір мүшел
Жасымыз он үште
Жасымыз толды он үшкеЕресек біздер баламызМәпелеп ата-анамызОқуда озат боламыз
Құтты болсын мейрамың
Көңіл толы нұр ағысМен де шаттық жайдамынҚұтты болсын қуанышҚұтты болсын мейрамың
13 жас мүшел жас
Бар дәулеттің көзі депБілім болсын жанарың13-ке келген жас достымҚұтты болсын қадамың
Мүшел 97 жасқа тілек
Тоқсан, сен таман жастың зоры екенсің,Сүйегің қартайған соң бор екенсің,Тоқтының баласына әлін келмей,Балаңның баласына қор екенсің.
Қоштасар сәт...
Соқты, міне, қоңыраудың соңғысы,Ұстаздардың қадам басты оңға ісі:Ару Ай мен мекем Марсқа, кәнеки,Кімнің келмес арамыздан қонғысы!
© Асаба (тамада)
Нағашылар - тойда амандасу
Көркем сөзді күмбірлетіп төгейік,Айтар сөзді неге біздер бөгейік.Жиендерге жанашыр боп келетін,Нагашыны той төрінен көрейік!
© Асаба (тамада)
Әпке-жезделер - тойда амандасу
Қамқорлықты көздеген, қайырым көп жездеден –Арнап сыйлық әкеп тұр, ардақтырақ өзгеден.
© Асаба (тамада)
Жеңеше - тойда амандасу
Жарқылдаған жеңгелер, шашуыңды шаш бүгін,Еске алады әжелер осы тойда жас күнін.Арта берсін достығың - доссыз өмір бос бүгін,Құрбы-құрдас, қанеки..
© Асаба (тамада)
Жеңгелер - тойда амандасу
Артық болмас, айналайын, жеңешем,Жер-анага, ер анага теңесем.Футболшылар командасы құрылар,Аман болсаң, қакпашысы сен екен!
© Асаба (тамада)
Аталар мен апалар - тойда амандасу
Сәлем – сөздің анасы,Мақал - сөздің данасы.Төс қағыспай көрісер,Қай қазақтың баласы!
© Асаба (тамада)
Бастауышпен қоштасу
Қош бол, құтты бастауыш,Сенен оқып бастадым.Білім бердің бойыма,Нәр алды сенен жас жаным.