Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Наурыз
Наурыз жауын, наурыз сән,Әсем әуен, сазды ән.Қыз бозбала қыдырған,Жаcыл желек, көк аспан.
Наурыз дала
Наурыз дала, наурыз гүл,Тентек сезім, үнсіз тіл.Ақ қайыңның аясында айқасқан,Балуан білек, қыпша бел.
Наурыз
Наурыз әлем, наурыз құс,Сұлу дала, сағым түз.Самғай ұшқан қарылғаш,Аққу қаздар мамық төс. 
Наурыз көктем
Наурыз көктем, наурыз жыр,Ана мейрім, шуақ нұр.Жан иесін жаңартқан,Аққан бұлақ, нәзік сыр.
Наурыз
Наурыз – бұл мерекеҚұтты болсын берекеҚыдыр ата келсінЖақсы тілек әкелсін.
Бас бармақ
Бас бармақ,балан үйрек,ортан терек,шылдыр шүмек,кішкентай бөбек.Мына жерде май бар, мына жерде шай бар, мына жерде түлкі бар, мына жерде күлкі бар..
Наурыз келдi
Наурыз келдi елiме,Наурыз келдi жерiме.Байлык, бакыт тiлеймiн,Букiл казак елiне.
Наурыз тойы
Наурыз тойы — салтанат,Наурыз тойы — мархабат.Әр жүректен ән тарап,Шаттанады шартарап.
Наурыз тойы
Наурыз тойы — тамаша,Наурыз тойы — жаңаша.Табиғат та тамаша,Тамылжып тұр жараса.
Достық
Достар бірге жүреміз,бірге ойнаймыз,күлеміз.Бірге балық аулаймызміне,біздер қандаймыз!
Достық
Балдырған баламыз ,досты көп табамызҚашан да, қайда да,достар бір-​біріне сенімді боламыз!
Көктем
Басқа жаққа бармайық депәніміэді арнайык депқұстарда ұшып, келіп қапты,Осы тойды тойлайык деп!
Көктем
Бұлақ ағып жай ғанаЖайқалады айналақызыл жасыл киініпқұлпырыпты айнала.
Наурыз келді
Наурыз келді сан құрыпЖасарып жаңғырыпқұлпырды жер мен көкМейрім таң күліп.
Құтты болсын, Наурыз!
Қыс өтіп, қар кетіп,Шырайлы жаз жетіп,Шаруаның кенелгенМейрамы ежелден –Құтты болсын, Наурыз!
Наурыз
Көктем келді, балақай,Жасарды жер, алақай.Наурыз тойын тойлайық,Әсем әнге сал, апай.
Наурыз тойым
Наурыз тойым, Наурыз тойым.Құтты болсың халайық!Қане, достар, қане, достар,Шырқап әнге салайық.
Наурыз тойы
Уа, ағайын халайық.Мұнда назар салайықМерекесі халықтынНаурыз тойы бастайық!
Наурыз мереке
Жыл басы – Наурыз мереке,Ақ нұрға әлем боянды.Наурыз тойы берекеТіршіліқ жаңа оянды!
Наурыз
Наурызбен қүттықтап,Алыс жақын қаутышты.Көктемдегі жарқын сәт,Көңелдерге ауысты.
Наурыз
Наурызды халқымызЖыл басы сапайдыКөнермей салтымызКөп еме тарайды.
Наурыз
Наурыз – жаңару мен тазару, махаббат пен сұлүлық мерекесі!Наурыз амандық, қуаныш, жақсылық әкелсін!Бұл мереке өміріңізге жақсы өзгеріс әкелсін!
Отырып-тұру ойыны
Кәне қызық ойындарҚатарласа қойыңдарОтырыңдар, тұрыңдар,Маған мойын бұрыңдар.Қолымызды жайайық,Құстай қанат қағайық.Аяқты бір басыңдарКәне тағы ..
Туған тілім
Өсірген ой-білімдіСүйем туған тілімді.Мақсат етем әр сөздіңМәнін терең білуді.
Қазақстан Республикасы
Әйнегі - күн, шатыры - аспан,Кең дала...Төсі толған егін.Көлдері күміс шашқан,Қазақстан Республикам менің.