Бөлім: «Тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
ҚЫРЫҚҚАБАТ
Мақтанғаннан не пайда?Менсіз дәмді щи қайда?Мені қосса самсаға,Бәрі жейді тамсана!
Балабақшада
Мәпелейді, аялайды біздерді.Ойнап күліп өткіземіз күндерді.Балабақшада өмір біздің басқаша,күліп, билеп, ән саламыз әрқашан.
Туған тілім
Ақыл –ойын дараның, ана тілден аламын.Ана тілім ардақты, ақ сүтімдей анамның,Өсірген ой, білімді. Сүйем туған тілімді.
Бейбіт күн
Азаттық жері, Қазақтың елі,Шаттыққа толы бүгінгі төрі.Достықты берік, еткен бір серік,Бейбіт күн тұрсын сәулесін төгіп.
«Торғай» өлеңі
Торғай, торғай - тоқылдақ,жерден тары шоқып ап.Бөтегесі бұлтиып,шиқ - щиқ етіп отырмақ.
«Лақ» өлеңі
Секең, секең ей, лақ,жүрмін саған кейіп - ақ,демалмасаң болмай ма,секеңдемей бір уақ.