Елеуіш туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 9
Өлеңдер: 1

Қар борайды тербесең,Ұстап көрші сенбесең.(Елеуіш)
©  Серікбай Оспанов
Дуалы – ағаштан,Едені – темірден.Елеуіш
©  Мұзафар Әлімбаев
Өзі жаңа,
Өзі тесік.

Жауабы: Елеуіш
Шеңберлі есігі бар,
Жүздеген тесігі бар.
Ішіне кіргендердің,
Ұсағы жол табады,
Ірісі тор қабады.
Жаңа табақ түбі тесік,
Тақ-тақ етті,
Астынан керуен өтті.

жауабы - Елеуіш астынан өткен ұн
Бір жансыз, өзі жаңа, дөп-дөңгелек,
Жұтатын қисабы жоқ тамақ керек,
Өзіне керек асын бере берсең,
Қылады ірлі-уақты екі бөлек.
Өзі - жаңа,
Өзі - тесік.
Көз алмассың жүзінен,
Үй өткерер көзінен.
Кішкене ғана аран,
Асты толған боран.