Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Бастықтың бағы,Қызметкердің жағы үлкен.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ананың көңілі – базарда,Баланың көңілі – басжазарда
©  Ермахан Шайхыұлы
Отырған қыз омалар,Жастық шағы домалар.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бүгінгі бөлтірік ертеңгі қасқыр
Тіл тәтті-бауыр қатты.
Күйеуін құм қылған әйел,Елін де сұм қылады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Паханын көріп тиіп ал,Маханын сразу тыйып ал.
©  Ермахан Шайхыұлы
Еркек жүрген жерде,Шөлмек қалады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Қатын көп жерде,Қамыр піспейді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Жақсы қатын тамақ берер сорпасымен,Жаман қатын қабақ берер мордасымен.
©  Ермахан Шайхыұлы
Табысы бардың ұзаққа шабысы бар,Танысы бардың билікке шансы бар.
©  Ермахан Шайхыұлы
Тоқал алсаң,Бәйбішеңнің көзінен жас шығады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Абитуриентті оқуға кім түсірсе,Сол ыстық.
©  Ермахан Шайхыұлы
Күйеу – қорқақ,Әйел – батыр.
©  Ермахан Шайхыұлы
Танысыңа сенбе,Табысыңа сен.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ұлым, саған айтам,Күйеу бала, сен тыңда!
©  Ермахан Шайхыұлы
Параны берген емес,Алған – жомарт.
©  Ермахан Шайхыұлы
Сұлу қыздың қызығы –Неке түні өткенше.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ержеткеннің түсіне,Бойжеткен кіреді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бұзылған қыз тумай қоймайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Мыңның атын білгенше,Бірдің қызметін біл.
©  Ермахан Шайхыұлы
Мафияның басы болмасам да,Теңселген масы болайын.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әйел ашуын өсектен алады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Қаланың бәрі – базар,Базардағының бәрі – тажал.
©  Ермахан Шайхыұлы
Долы әйелдің үйінде,Күнде айқай, күнде шу.
©  Ермахан Шайхыұлы