Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  443


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Тіл құдіреті

 


Тіл адамның сәулесі санасының,
Бейнелейтін ақиқат дара шыңын.
Бүкіл тыныс, тіршілік, ұлт болмысы,
Тілден ғана табады бар асылын.



Ішімізде дүбәра, көш келеді,
Болмаса да сөйлейді, еш дерегі.
Білмегендер, ұлтының құндылығын,
Таңертеңнен, жарытпас ештемені.


 


Өнеге мен өсиет өрнектелген,
Елдігі мен ерлігі өрлеп келген.
Бабалардың мұрасын бағалайық,
Ұрпақ үшін тіл, жерді төрлеп берген!


 


Заманауй жан болмай өтем бе деп,
Еліктеме, өзгеге бөтен бөлек.
Сүйсең тілді, сүйеді ол да сені,
Рухы биік тұлға ғып, көтермелеп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Сәкен
Сәкен 08.06.2025 16:42
Гүлсім қарындасым, ақиқаттың жақтаушысы әрі күрескері екенсің. Ауыр жол. Құдай қуат берсін! Құдайдың саған жүктеген миссиясы шығар мүмкін.

Пікір жазу