Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  526


Автор: Талап Қараш

Медбике аруға

Көркіңе үнсіз табындым,
Қабағын бағып жарымның.
Өзіңді көріп дертімнен,
Құлан-таза жазылдым.
Қайырмасы
Қиылған қара қасың-ай,
Қап-қара қою шашың-ай!
Көздерің неткен нұрлы еді,
Көңлімнің бағы гүлдеді.
Өзіңе іңкәр бір сезім,
Жүректің шоғын үрледі.
Қайырмасы
Қиылған қара қасың-ай,
Қап-қара қою шашың-ай!
Аман бол қайда жүрсең де,
Өзгеге қарап күлсең де.
Бойымды жылтып барады,
Өзіңнен алған жыр сәуле.
Қайырмасы
Қиылған қара қасың-ай,
Қап-қара қою шашың-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу