Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.09.2022
154
Көңіл «Клеопатрасы»
«Клеопатра» жолда қалар алдыңда,
Енді менде мұрша бар ма қалғыуға.
Сені көріп ес еркімнен айрылдым,
Бұлтсыз күні айналып жыр жаңбырға.
Жүрегімді барады өртеп жанарың,
От боп енді лапылдасам, жарадым.
Біреуге іні, біреулерге ағамын,
Сұлу көрсем тілін үнсіз табамын.
Жаныңда жүр бір көлеңке ербеңдеп,
Қожайындық жасап саған кердеңдеп.
Жалтақтаймын жарым келіп қалардай,
Қас-қағымда мың шақырым жерден кеп.
«Клеопатра» жолда қалар алдыңда,
Қолың бұлғап мені жолға қалдыр ма.
Жүрегімде бейнең мәңгі сақталып,
Өкпе айтып барам сайқал тағдырға...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter